Нығайту, күшейту, арттыру

lat: Nyǵaıtý, kúsheıtý, arttyrý.

Бір нәрсенің қарқыны, қалпы бұрынғыдан жақсара түсу, түзелу. Жаңа кездесу ескі достықты нығайтып, жаңғырта түседі (С. Мәуленов). Ұйымды күшейтумен бірге клубты түзету мәселесі келіп шықты (I. Жансүгіров). Ыстығын әр көңілдің арттырады, сағынып енді көрген ғашығындай (X. Ерғалиев).